Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Парламент мәжілісінің депутаттары Қазалы ауданында

Парламент мәжілісінің депутаттары Қазалы ауданында

Бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Мәжіліс депутаттары аудан, қалаларды аралап, өзекті мәселелермен танысуда. Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл және Ғалым Әміреев Қазалы ауданына іс-сапармен келді.
Ауданға арнайы келген Мәжіліс депутаттары Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы аралығын қосу мақсатында атқарылған және алдағы атқарылар шаралармен танысу үшін Жалаңтөс батыр ескерткішінің маңында кездесу өткізіп, жоспарлармен танысты.
Аудан әкімі, партия филиалы төрағасы Мұхтар Оразбаев алдағы уақытта Әйтеке би кентінен 600 гектар жерге жаңа тұрғын кварталы ашылатынын жеткізді. Және Қазалы ауданы бойынша ауыз су мәселесін шешу үшін Байқожа топтық су құбырын қайта жаңғырту жобасын дайындап, қаржыландыруға ұсынылғанын да тілге тиек етті.
Бұдан соң, Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілермен және шаруа қожалық өкілдерімен кездесу өтті. Басқосуда ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерден бөлек, қазіргі таңдағы өзекті деген шаруалар да тілге тиек етілді.
Мәжіліс депутаттары аудандағы өзекті деген мәселелерді назарға алып, қаржыландыру үшін тиісті орындарға ұсынатындықтарын айтты.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
19 ақпан 2022 ж. 322 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031