Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаттары елді мекендерді аралап, халықпен кездесті

Мәжіліс депутаттары елді мекендерді аралап, халықпен кездесті

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Ғалым Әміреев, Геннадий Шиповских Қазалы ауданына сапары кезінде Қазалы қаласы және Қожабақы, Бозкөл ауылдарына арнайы барып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қазалы қаласындағы «Өрімтал» балабақшасын қайта салу қажеттілігі туындап отыр. Балабақшаның көне ғимараты 2012 жылы апаттық жағдайда деп танылған. Қазіргі таңда балабақшаның жоба-сметалық құжаттары әзірленген.
Қазалы қаласы мен Қожабақы, Бозкөл ауылы тұрғындарымен кездесуде жергілікті жердегі түйткілді мәселелерді тыңдады. Мәжіліс депутаттары аудандарды аралаудағы негізгі мақсаттарын түсіндіріп, қуаңшылық, Сырдария өзеніндегі су тапшылығына байланысты орын алған жағдайды көзбен көріп, тұрғындармен тілдесіп шешу жолдарын қарастыруды жеткізді.
Кездесуде тұрғындар басты мәселе қуаңшылық, жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру, төрт түлік малға қажетті жем-шөп мәселесі қиындық тудырып отырғандығын айтты. Сонымен қатар, екі ауылға жаңа балабақша қажет екендігін жеткізді.
Қожабақы ауылына баратын жолда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Ғалым Әміреев, Геннадий Шиповских «Қарлаң» қалқымалы көпірін көзімен көрді.
Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай көктем және қыс мезгілінде халықтың көпірден өтуі қиындап кететінін жеткізді. Сондықтан осы аралықтан тез арада көпір салу қажеттілігі туындап отырғандығын айтты. Қазіргі таңда Сырдария өзеніндегі «Қарлаң» темір бетон көпірінің жоба-сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізілген.
Қожабақы ауылында Мәжіліс депутаттары «Агро – Өркен» ЖШС-ның егіс алқабында болып, диқандармен кездесті. Кездесуде шаруалар өз мәселелерін айтып, көмек сұрады.
Мұнан кейін депутаттар Әйтеке би кентіндегі көкөніс сақтау қоймасының жағдайымен танысты. «АгроОптСервис» ЖШС-нің сыйымдылығы 500 тонналық көкөніс сақтау қоймасында жеміс сақтайтын екі бөлме тоңазытқышпен қамтылған.
«АгроОптСервис» ЖШС директоры Бекболат Бибалаевтың айтуынша, картоп пен көкөніс өнімдері Ресейден, ал, жеміс-жидектер Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан және Түркия мен Польшадан тасымалданады. Сонымен қатар, алдағы уақытта азық-түлік тауарларының түрлерін де көбейтпекші.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
09 шілде 2021 ж. 613 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930