Сенатор: Өнеркәсіпті дамытуға қолдау көрсету заңда көзделді
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында өндірісті дамыту, оның ішінде өңдеу өндірісін дамытуға баса көңіл бөлу керек екендігін айтқан болатын. Президент көтерген мәселеге қатысты Сенат депутаты Әлімжан Құртаев пікір білдірді.
Шынында да тауарды шикізат күйінде сатқаннан гөрі, оны өңделген тауарды сатқан кезде қосымша құн салығы бірнеше есе артатыны белгілі. Ел Президентінің тапсырмасымен өткен жылы "Өнеркәсіп саясаты туралы" арнайы заң қабылданған болатын. Осы заңның шеңберінде өнеркәсіпті дамытуға қолдау көрсету, өнеркәсіпті қамтамасыз ету мәселелерінің бәрі осы заңның шеңберінде қаралған, - деп айтты сенатор.
Сөзінше, жеңіл өнеркәсіп саласы кешегі одақтың кезіндегі Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 17 пайызды құраған болатын.
Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіптің жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 1 пайызға жетпей отыр. Бұл мәселе бойынша бірнеше рет Парламенттік тыңдау өткізілген болатын. Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар да жіберілді. Өкінішке қарай, ұсыныстың барлығы қағаз күйінде қалып келе жатыр, - деп айтты депутат Құртаев.
#заң #Сенатор #өнеркәсіп #дамыту