Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы үздік өңірлер қатарында

Қызылорда облысы үздік өңірлер қатарында

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Аймақ басшысы 24 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар туралы айтты.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министрі Асқар Мамин экономикалық дамудың 7 көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы үздік 8 облыстың қатарында екендігін мәлімдеді.
Аймақ экономикасына тартылған инвестиция көлемі (117,4%), құрылыс көлемі (154,3%), үй беру (108,8%) бойынша өсім қамтамасыз етілген. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі (101,3%), ауыл шаруашылығында (104,3%) өскен.
2012 жылдан бастап, қолданыстағы кен орындарының сарқылуына байланысты мұнай өндіру көлемі (2019 жылы 830 мың тоннаға – 13 %) қысқарған. Бұл жағдай өнеркәсіп өніміндегі көрсеткішке (2018 жылға қарағанда 89,3%) кері әсерін тигізуде. Алайда, статистикалық мәлімет бойынша мұнай өндірудің жыл сайынғы төмендеуіне қарамастан, 2019 жылдың 9 айында, 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда облыстағы жалпы өңірлік өнім – 102,4% құраған.
Актив отырысында облыс әкімі Қ.Ысқақов мұнай өндірудегі шығын салдарын жою мақсатында шикізаттық емес секторды дамытуға, әсіресе, экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
«Жалпы, жүйелі шаралардың нәтижесінде, соңғы 4 жылда өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2,8%, жалпы қосылған құн – 15%, ал, шикізаттық емес экспорт көлемі – 19% артты»,- деді облыс әкімі.
27 қаңтар 2020 ж. 1 274 0

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 56

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031