Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқы Олимпиаданы қазақстандық телеарналар көрсетеді

Қысқы Олимпиаданы қазақстандық телеарналар көрсетеді

XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан 17:55-те басталады. Qazaqstan, Qazsport, Хабар және El arna Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфир арқылы көрсетеді, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Qazaqstan телеарнасындағы эфир толығымен қазақ тілінде жүргізіледі. Танымал комментаторлармен бірге қысқы спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен спорт сарапшылары өз ойларын ортаға салады.
Әрбір жарыстың алдында және жарыс күнінен кейін "Бейжің-2022" атауымен тікелей эфирде студиялық бағдарламалар ұйымдастырылады.
Телеэфирден бөлек, олимпиадалық жарыстарды www.qazaqstan.tv және www.qazsporttv.kz ресми сайты мен "Qazaqstan.tv" мобильді қосымшасынан көруге болады.
Айта кетері, XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан 17:55-те басталады.
Қазақстанның намысын 34 спортшы қорғайды. Оларда 87 жолдама бар. Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.
XIV қысқы Олимпиаданың эфирдегі трансляциялар кестесісін мына жерден жүктеуге болады.
27 қаңтар 2022 ж. 681 0

ТАСТАМАШЫ, АНА...

08 сәуір 2026 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930