Мемлекеттік қызметтерді QR-мен төлеңіз
ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR кодтың көмегімен төлей алады. Азаматтарға арналған үкімет ҚР ІІМ-мен бірлесіп, көші-қон қызметі операторында отырып-ақ, төлем жасау мүмкіндігін іске асырды.
Клиент төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеуге өтініштер қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген сәтте, кассаға бармай-ақ бірден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесі арқылы баж алымын төлей алады.
Клиент төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеуге өтініштер қабылдайтын көшіқон қызметі операторына жүгінген сәтте, кассаға бармайақ бірден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесі арқылы баж алымын төлей алады.
«Санаулы секунд ішінде төлеу –әрбір екінші қазақстандыққа қолжетімді цифрлық мүмкіндік. Біз күнделікті QR төлемдерді барлық сауда, мәдениет нысандары мен ойынсауық мекемелерінде қолданып жүрміз. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында да мемкорпорация жаңа цифрлық мүмкіндіктерді енгізуде. Бұдан бұрын QR код пен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Енді кассаға кезекке тұрмайақ құжаттандыру қызметінің алымдарын да төлеу мүмкіндігі бар», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айнұр Тобаева.
Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде клиенттер 146 мемлекеттік қызмет түрін осы тәсіл арқылы төлей алады, жыл басынан сырбойылықтар QR арқылы жалпы құны 1 046 933,4 тенгені құрайтын 1 709 мемлекеттік қызметті төлеген.