Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 15 мыңға жуық шетелдік еңбек етіп жүр

Қазақстанда 15 мыңға жуық шетелдік еңбек етіп жүр

Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 932 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында еңбек етіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 635 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 206 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 827 адам және 745 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 408 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 2 057 адам тартылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 779 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ын құрайды.
Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 738 адам, Түркия – 1 979 адам, Үндістан – 1 228 адам, Ұлыбритания – 1 019 адам, Өзбекстан – 427 адам.
Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.
25 қаңтар 2022 ж. 619 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 152

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031