Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік бітімгершілік күштері Қазақстаннан кетті

Ресейлік бітімгершілік күштері Қазақстаннан кетті

Алматыдан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ресейлік бітімгершілік күштері елдеріне оралды. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәскеу облысына Ресей Аэроғарыш күштерінің әскери-көлік авиациясының 18 Ил-76 ұшағы ұшып келді. Ресейліктер Мәскеу облысындағы Чкаловский әуежайына қайта оралатыны атап өтілді.
ҰҚШҰ бітімгершілік күштері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз миссиясының аяқталғанын жариялағаннан кейін 13 қаңтарда Қазақстаннан кете бастады. Әскерилерді қайтарудың соңғы процесі 19 қаңтарда аяқталуы тиіс.
Айта кетсек, Ақтауда 2 қаңтарда автокөлік газы бағасының күрт көтерілуіне байланысты жаппай наразылық басталды. Маңғыстау облысында басталған ереуіл еліміз бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Осыған орай Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін бітімгершілік миссиясы жіберілді.
16 қаңтар 2022 ж. 430 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930