Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жоба іске қосылды

Жаңа жоба іске қосылды

Қызылорда облысының жас аналары алғаш рет мемлекеттік қызметке проактивті тәсілмен қол жеткізіп, SMS арқылы нәрестелерінің туу туралы куәліктеріне қол жеткізді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты.
Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.
Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.
Қазіргі таңда бала туғаннан кейін ата-аналар баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс. Қазіргі таңда проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты енді ХҚКО -на барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ. Барлық қажетті қызметтерді енді небәрі SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бірақ SMS-хабарлама алу үшін азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерінің телефон нөмірлерін порталдағы жеке кабинеттерінде бекітуі тиіс.
Баланы тіркеу, жәрдемақыны рәсімдеу және балабақшаға кезекке қою қызметтерін ХҚКО-дан да алуға болады. «Бала туу» композиттік қызметі проактивті тәсілмен ұсынылады. Яғни телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды да рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа ызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады. Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымы Ана мен бала орталығында болып, жас аналарды құттықтап, проактивті тәсілмен тапсырыс берген аналарға сәбилерінің туу туралы куәліктерін табыстады. Жыл басында іске қосылған пилоттық жоба бойынша облыс бойынша 20 ға жуық аналар өздері Смс арқылы балаларының алғашқы куәлігіне қол жеткізді. Осы орайда жаңа пилоттық жобаны іске қосылуына ат салысқан Ана мен бала орталығы ұжымына және басшысы Гульнара Хамзовнаға, облыс әкімдігі аппарат басшылығы мен Индира Сансызбаевнаға алғысымызды білдіреміз.
Еске сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызмет көретуді проактивті тәсілге көшіру үрдісін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырумен қолға алған болатын.
Анықтама ретінде: осы уақытқа Қазақстан бойынша бала туған 1000 ға жуық анаға мемлекеттік қызметті алу ұсынысымен смс хабарламасы жіберілді.

15 қаңтар 2018 ж. 1 520 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 53

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 81

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031