Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қазақстанда қайтыс болғандар саны күрт артты

Биыл Қазақстанда қайтыс болғандар саны күрт артты

2021 жылдың қаңтар -маусым аралығында Қазақстанда қайтыс болғандар саны бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 76,6 мың адамға (17,8%) дейін өсті. Оның ішінде ауылдарда қайтыс болғандар саны 12,2%-ға, (28,5 мың адамға дейін), қалаларда 21,5%-ға (48 мың адамға) дейін өсті. Бұл туралы статистиканы finprom.kz жариялады.

Қайтыс болған ер адамдар саны – 41 мың (бір жылда 16,5%-ға өсті), әйел адамдар саны – 35,6 мың (бір жылда 19,4%-ға өсті).
Өңірлерде өлім-жітім көрсеткішінің ең көп саны Алматы облысында тіркелді – 8,1 мың адам. Бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 20,2%-ға көп.
Қайғылы статистика Шығыс Қазақстан облысында (8,1 мың адам қайтыс болды, бір жылда 18,3%-ға өсті) да, Алматы қаласында (7,7 мың адам қайтыс болды, бір жылда 33,4%-ға өсті) да күрт артты.
Биыл еліміздің 17 өңірінің ешбірінде өлім-жітім көрсеткішінің төмендеуі анықталған жоқ. Қайтыс болғандардың ең жоғарғы көрсеткіші Алматы облысында, ең төмені Қызылорда облысында (1,6%-ға, бір жылда 2,4 мың адамға дейін) тіркелді.
Өлім-жітім себептері бойынша ең жиі кездесетіні – қан айналымы жүйесінің аурулары: 24,2% жағдай (18,6 мың адам). Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 18,6%-ға артық. Оның ішінде жүректің ишемиялық ауруынан 6,6 мың адам, мидың қантамыры зақымдануынан 6,2 мың адам, гипертониялық аурудан 529 адам қайтыс болды. Ал қатерлі ісіктерден 7 мың адам қайтыс болды.
Сонымен қатар өлім-жітім себептерінің тағы бірі – тыныс алу органдарының аурулары. Жарты жылда 7,9 мың адам қайтыс болды — бір жыл бұрынғыға қарағанда 8,5%-ға көп), олардың арасында тұмау және пневмониядан 2,3 мың адам қайтыс болды.
Бұдан басқа, 2021 жылдың қаңтар-маусым аралығында бір жасқа дейінгі сәбилер арасында өлім көрсеткіші 12%-ға (1,7 мың) күрт өсті. Қайтыс болғандардың арасында 937-сі – ұл бала, 751-і – қыз бала.
Нәрестелер арасында өлім көрсеткішіне себеп – перинаталды кезеңде пайда болатын жағдайлар: 932 өлім. 335 нәресте туа біткен ауытқулардан, 72-сі жұқпалы және паразиттік аурулардан қайтыс болды7
15 қыркүйек 2021 ж. 753 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 202

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930