Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру бір жылда 82% өскен

Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру бір жылда 82% өскен

Бір жылда қайтыс болғандар саны 5 мың адамға артқан. 2021 жылғы қаңтар-наурызда жерлеу рәсімін ұйымдастыру және қызмет көрсету көлемі 802,9 млн теңге болған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 82,2%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.
2019 жылғы қаңтар-наурызда аталған салада көрсетілетін қызмет көлемі 2,5 млрд теңгеге жетті. Биыл бірінші тоқсанда елімізде қайтыс болғандар саны 36,1 мың адам болды. Бұл 2012 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш (37 мың адам) болып саналады. 2020 жылғы қаңтар-наурызда қайтыс болғандар саны – 31,2 мың адам. Қазақстанда COVID-19-дан көз жұмғандар саны артып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы 2 тамызда коронавирустан 124 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 25 адам қайтыс болған; 1 тамызда коронавирустан 110 адам, пневмониядан 16 адам көз жұмған. ДСМ дерегіне сәйкес, пандемия басталғаннан 2021 жылғы 3 тамызға дейін елімізде 6 277 адам, 2020 жылғы 1 тамыздан 2021 жылғы 2 тамызға дейін пневмониядан 3 781 адам қайтыс болған. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстанда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны биыл 4 тамызда 9 077 адам болды. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан антирейтингте 195 елдің арасында 50-орында тұр. COVID-19-дан АҚШ-та (614,3 мың адам), Бразилияда (558,4 мың адам) және Үндістанда (425,8 мың адам) өте көп адам қайтыс болған. Бүгінде антирейтингте Ресей 6-орында (159 мың адам көз жұмған), Украина 18-орында (55,7 мың адам) тұр. Қырғызстанда COVID-19-дан 2,4 мың адам, Өзбекстанда 901 адам қайтыс болған.


06 тамыз 2021 ж. 510 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930