Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алексей Цойдың қызметінен не себепті кеткені белгілі болды

Алексей Цойдың қызметінен не себепті кеткені белгілі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды, деп жазады  egemen.kz
Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Алексей Цой бұл қызметке былтыр, 2020 жылдың маусымында тағайындалған болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Сейтжанқызы министрдің кету себебін айтты.
«Өз өтініші бойынша басқа қызметке өтуіне байланысты босатылды», деді ол.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен кеткен Цойға алғыс айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді», деп жазды Берік Уәли.
20 желтоқсан 2021 ж. 448 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930