Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәрбиелік мәні зор мақала

Тәрбиелік мәні зор мақала

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жарық көрген «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында еліміздің отыз жыл ішінде жеткен жетістіктері толық қамтылған. Бұл жетістіктерге Елбасының сындарлы саясатының арқасында қол жеткізіп, егемен еліміз әлем елдері арасында беделі артты. Ендігі кезекте осы жетістіктерімізді еселеп арттыру – ел ынтымағына тығыз байланысты. Тәуелсіздіктің мән-мағынасы тереңде жатқаны айқын. Осының бәрі Елбасының мақаласында нақты жазылған.
Мақалада: «Біз атом қаруынан өз еркімізбен бас тартып, бүкіләлемдік ядролық қарусыздану көшін бастадық. Бұл – Қазақстанның жаһандық бейбітшілікті сақтауға қосқан теңдессіз үлесі» деп атап айтқан болатын. Расында, қазақ елі әлемдік бейбітшілік жолының көшін бастады. Оны отыз жылдан бері бүкіл әлем лайықты бағалап отыр.
Қай уақытта болмасын әлем елдері арасында ел мен жерді қорғау үшін сұрапыл соғыстар орын алуда. Сол себепті халықтың бірлігі мен ынтымағы бірінші орында екенін Елбасы өз мақаласында ашық дәлелдеген. Елдің бірлігі мен татулығы жарасып, әрбір азамат елі үшін адал еңбек етсе халықтың да тұрмысы да жақсаратыны сөзсіз.
Отыз жылдың ішінде еліміздің барлық саласын дамыту үшін аянбай тер төгіп, стратегиялық жоспар құрып, сол жоспар бойынша алға басып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан зор үлес қосқан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.
Елбасы айтқандай, «Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолында тұрақтайды». Сондықтан да, бірлігіміз бекем болып, егемен еліміздің қарқынды дамуына өз үлесімізді қосайық ағайын.

Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы,
Қазалы аудандық мәслихат хатшысы
10 желтоқсан 2021 ж. 503 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 147

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 151

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031