Елдікке үндеген жеті тұғыр

Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде өткізілген осы жиынға облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, БПҰ төрағалары, жастар, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Жиынды «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев ашып, жүргізіп отырды.
Алғашқы сөз облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейітқалиұлына берілді. Ол «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығының әр бөліміне арнайы тоқталып, мағынасын жеке-жеке түсіндіріп, еліміздің әрбір азаматына жеткізіп, болашақ ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын алға тартты.
Басқосу соңында «Jas Otan» Жастар қанаты Қазалы аудандық филиалы бөлімше басшысы, «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрбек Ақпанбетов сөз алып, бұл қағидаттардың халқымыз үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін маңызы зор екендігін айтып, осы құндылықтарды бойына сіңіру арқылы әрбір жас жетістікке жетуге, қоғамға пайдалы адам болуға, қоғамның белсенді мүшесі ретінде өмірлік ұстанымдарының қалыптастыруға ұмтылу керек екендігін жеткізді. Жиынды «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жаппарбергенұлы қорытындылады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат