Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Елдіктің жеті тұғыры" насихатталды

"Елдіктің жеті тұғыры" насихатталды

Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы бастаған партияның облыстық филиалы жанынан құрылған ақпараттық түсіндірме топ мүшелері «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын насихаттау мақсатында жиын өткізді.
Р.Бағланова атындағы мәдениет Үйінде өткізілген аталмыш жиынға облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, БПҰ төрағалары, жастар, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Жиынды «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев ашып, жүргізіп отырды.
Алғашқы сөз облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейітқалиұлына берілді. Облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Сейітқалиұлы «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығының әр бөліміне арнайы тоқталып, мағынасын жеке-жеке түсіндіріп, еліміздің әрбір азаматына жеткізіп, болашақ ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын алға тартты.
Аталған жиын соңында "Jas Otan" Жастар қанаты Қазалы аудандық филиалы бөлімше басшысы, «Жастар» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрбек Ақпанбетов сөз алып, бұл қағидаттардың халқымыз үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін маңызы зор екендігін айтып, осы құндылықтарды бойына сіңіру арқылы әрбір жас жетістікке жетуге, қоғамға пайдалы адам болуға, қоғамның белсенді мүшесі ретінде өмірлік ұстанымдарының қалыптастыруға ұмтылу керек екендігін жеткізді. Жиынды «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жаппарбергенұлы қорытындылады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

05 желтоқсан 2021 ж. 460 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930