Барымызды бағалау – болашаққа бағыттайды

Елбасы "Біз өзіміздің толағай табыстарымыз арқылы тәуелсіздікке сенбегендерді иландырдық, көнбегендерді қатарымызға тарттық, әлем мойындаған абыройлы мемлекетке айналдық. Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайды. Халқы тату, экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кешегіден кемел, бүгінгіден нұрлы екендігіне кәміл сенемін"- деді.
Тағылымға толы мақаланы ой санасымен оқыған кез келген адам басты құндылығымыз Тәуелсіздіктің бізге еткен еңбекпен төккен тердің арқасында келгеніне көз жеткізеді. Мен де мақаланы оқи отырып, еліміздің Тәуелсіздігі жолында жүріп өткен жолына көз жүгіртіп, бірлігіміз бекем, еңбекқор, жаңашылдыққа бет бұрған қоғам болуымыз керектігін ұғындым.
Расында, біздің еншімізге тарихымызда ауқымыдылығы мен қиындығы жөнінен бұрын-соңды болып көрмеген талай жақсылықты көру бақыты бұйырған. Біз– тамырын жеті қат жер астына жіберген алып бәйтеректей өзінің күш-қуатын ғасырлар бойы Ұлы дала төсінен алған байырғы халықтың ұрпағымыз. Ендеше Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Әліпбаев Талғат Әзімжанұлы,
Қазалы аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,
«Қамқор Вагон» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң
«Қазалы вагон жөндеу депосы» филиалының директоры