Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кемеңгер тұлға

Кемеңгер тұлға

Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды.
Әрбір азамат өзінің еліне, Отанына деген сүйіспеншілікті туған жеріне адал қызмет етіп қана көрсете алады. Ұлтына, халқына адал қызмет еткен ел көсемдері мен басшыларын халқы да ардақ тұтып, есімдерін мәңгілік ұмытпайды. Ең алғаш Тәуелсіздіктің шамшырағын жаққан күннен бастап, Тұңғыш Президентіміз дағдарыстан күйзелген халықтың жағдайын жақсарту мен елдің экономикасын қалай қалыптастыру жолдарын іздестірді. Өзіне үмітпен қараған, Қазақстанның болашағы қандай болар екен деген күдікпен оянатын халыққа ең бірінші Тәуелсіздік бізге не берерін түсіндіре білді.
Елбасының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Нұрсұлтан Назарбевтың сарабдал саясаты мемлекетімізді өзге елдер жүз жылда әупірімдеп жүріп жеткен жетістіктерге ширек ғасырда жеткізді. Ол бейбітшілік пен бірлікті насихаттай отырып, қазақ елін әлем танитын, құрметтейтін және пікірімен санасатын тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналып отыр.
Осы ізгілікті жадымызда сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен Елбасын бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым екені айқын.
Қасқырбек МАМБЕТЖАН,
«Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
03 шілде 2020 ж. 1 320 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 120

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 122

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031