Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Желтоқсанда Байқоңырдан 3 зымыран-тасығыш ұшырылады

Желтоқсанда Байқоңырдан 3 зымыран-тасығыш ұшырылады

24 қарашада "Прогресс М-УМ" көліктік жүк кемесі мен "Причал" түйінді модулі бар "Союз-2.1б" зымыран-тасығышы ұшырылған болатын. 2021 жылдың соңғы айында Байқоңыр ғарыш айлағынан 3 ұшырылым жасау жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz

2021 жылдың 24 қарашасында "Прогресс М-УМ" көліктік жүк кемесі мен "Причал" түйінді модулі бар "Союз-2.1б" зымыран-тасығышы сәтті ұшырылды. "Причалдың" Халықаралық ғарыш станциясымен сәтті түйісуін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:30-дан бастап roscosmos.ru сайтынан көруге болады. Бұл – жыл басынан бері Байқоңыр ғарыш айлағындағы есеп бойынша 11-ші ұшырылым. Жоспарға сәйкес, 2021 жылдың желтоқсанында Байқоңырдан тағы 3 ұшырылым белгіленген. 2021 жылдың 8 желтоқсанында "Союз МС-20" көліктік басқарылатын кемесі бар "Союз-2.1а" зымыран-тасығышын ғарышқа жөнелту көзделген. Экипаждар бір аптаға жуық уақыт Байқоңырда старт алдындағы даярлықтан өтіп жатыр. 12 желтоқсанда орта санаттағы "Экспресс-АМУ3", "Экспресс-АМУ"7 геостационарлық телекоммуникациялық аппараттары бар "Протон-М/Бриз-М" зымыран-тасығышы ұшырылмақ. Ал 27 желтоқсанда Байқоңырдан OneWeb спутниктерінің кезекті партиясы тиелген "Союз-2.1б" зымыран-тасығышын ұшыру белгіленді.


26 қараша 2021 ж. 315 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 249

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031