Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар бетперде кию COVID-19 ауруын 53%-ға төмендететінін анықтады

Ғалымдар бетперде кию COVID-19 ауруын 53%-ға төмендететінін анықтады

Бетперде кию COVID-19 ауруын айтарлықтай төмендетуге септігін тигізеді. Мұндай қорытындыға халықаралық ғалымдар тобы өз зерттеулерінен кейін келді, оның нәтижелері британдық BMJ ғылыми журналында жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап.

Коронавирусты жұқтырмаған 389,2 мың адам мен COVID-19 жұқтырған 2,6 мың науқасты қамтитын алты талдау жұмыстарының нәтижелеріне сәйкес, бетперде кию ауру жұқтыруды 53%-ға төмендетуге ықпал ететінін көрсеткен.
Бұдан бөлек ғалымдар 200 елде эксперимент жүргізіп, нәтижесінде маска кию міндетті елдерде COVID-19 өлімі 45,7% төмен екенін анықтады.
Әлеуметтік қашықтыққа келетін болсақ, зерттеушілердің пікірінше, бұл шара да тиімді екенін көрсетіп отыр. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, егер қашықтық сақталса, COVID-19 ауруы 25%-ға төмендейтіні белгілі болған. Бұл зерттеуге 108,9 мың дені сау және 2,7 мың адам коронавирус жұқтырған азаматтар қатысқан.
Сонымен қатар қолды жуу да коронавирустық инфекцияларды 53% азайтуға көмегін тигізеді, алайда ғалымдар зерттеу тиімділігін қарау кезінде маска кию және әлеуметтік қашықтықты талдауға қарағанда бұл шара айтарлықтай аз қамтылғанын айтты.
Пандемия басталғаннан бері әлемде шамамен 254,5 миллион адам коронавирус жұқтырып, 5,1 миллионнан астам адам қайтыс болған.
19 қараша 2021 ж. 386 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 121

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930