Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік шекара шежіресі

Мемлекеттік шекара шежіресі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік шекара» атты туындыны оқырман назарына ұсынды, деп хабарлайды egemen.kz
Кітап өзінің қалтқысыз қызметі арқылы мемлекеттік шекараны күзету ісіне өлшеусіз үлес қосқан жауынгерлерге арналады. «Мемлекеттік шекарадағы» әңгімелерде, очерктер мен мақалаларда  тәуелсіз Қазақстанның Шекара қызметінің даңқты шежіресіндегі айтулы оқиғалар қамтылған. Шекараның тыныштығын күзеткендердің тынымсыз тіршілігі, әрбір қазақстандық үшін қасиетті саналатын ел шебін күзету кезіндегі бастарынан кешкен шиеленіске толы оқиғаларымен ерекшеленеді. Кітапты қолына алған оқырман өзін кейіпкерлермен бірге ел шебінде жүргендей, бірде жаяу, бірде атпен, тағы бірде итпен бірге қаруын ұстап, тау асып, су кешіп, теңіз толқындарына қарсы жүзгендей әсерге бөленеді.
Шекарадан өткізуге қатаң тыйым салынған есірткі тасымалдаушыны құрықтап, таудың ішінде мал бағып бұйығы тіршілік кешіп жатқан шопанның отбасын кепілге алған қылмыскерден тайсалмаған шекарашыны су да, өрт те алған бетіне қайтара алмайтынын «Мемлекеттік шекарадағы» оқиғалар арқылы көз жеткізуге болады.
Туындыны оқыған ардагер шекарашы өзімен бірге қызмет атқарған қаруласымен қауышады, ал  жинақтағы оқиғалар кіші буын шекарашыны жаңа ерлікке үндейді.
Бұл кітап – қоғам дамуына үлес қосатын құнды  еңбек. Әсіресе, өскелең ұрпаққа тәуелсіз еліміздің тыныштығы шекарадан басталатынын санасына ұялататын тамаша туынды. Өйткені, шекара – тәуелсіздігіміздің тірегі.
«Мемлекеттік шекара» - шекарашылар үшін ғана емес, әскери өмірден тысқары қарапайым адамдар үшін де оқылымды, қалың оқырманға арналған.


05 қараша 2021 ж. 725 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031