Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда мемлекеттік шекарадан өту тәртібі өзгерді

Қазақстанда мемлекеттік шекарадан өту тәртібі өзгерді

Қазақстанда мемлекеттік шекараны кесіп өтудің жаңа ережесі қабылданды. Бұл туралы ҰҚК шекара қызметі жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Құрлықтық мемлекеттік шекарадан өту тәртібін жұмсарту туралы шешімді 13 қазанда ведомствоаралық комиссия қабылдады.
Енді қазақстандықтар растайтын құжаттары болса, жұбайымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге жақын туыстарының жерлеу рәсіміне немесе ауыр науқас отбасы мүшелері мен жақын туыстарына (жұбайлары, ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, інілері мен әпкелері, атасы, әжесі мен немерелері) күтім жасауға шекарадан өтіп, бара алады.

Сонымен қатар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін Қазақстан аумағына келе алатын туыстардың тізімі кеңейтілді.
Сонымен, ата-аналардан басқа, балалар, ерлі-зайыптылар, асырап алушылар, толық және жартылай ағалы-қарындастар, аталар, әжелер мен немерелер қосылды. Бөлелер немесе немере ағайындылар бұл санатқа жатпайды.
Шетелдіктерге жұбайымен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге, 30 күнде бір рет шекарадан өтуге рұқсат етіледі.
Карантиндік шаралар кезеңінде Қазақстан шекарасынан өту туралы қосымша ақпаратты 8 7172 719 111 телефоны бойынша, сондай-ақ, шекара қызметінің Instagram-дағы shekaraknbkz парақшасына хабарлама жіберу арқылы алуға болады.
20 қазан 2021 ж. 303 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 59

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 111

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 121

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 86

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031