Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропада коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

Еуропада коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

Еуропа - COVID-19 жұқтырғандардың жаңа жағдайы мен аурудан қайтыс болғандардың саны артып жатқан әлемнің жалғыз бөлігі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының сайтына сілтеме жасап.

Орталық мәліметінше, 18-24 қазан аралығында әлемде COVID-19 жұқтырғандар 4 пайызға артқаны анықталды. Сонымен қатар, жаңа деректің жартысынан көбі (57 пайызы) еуропалық аймақта тіркелген. Еуропа өткен аптамен салыстырғанда жұқтырғандар саны артқан әлемнің жалғыз бөлігі болды.

Кейінгі жеті күнде Еуропада вирустың салдарынан болған өлім-жітімнің 14 пайызға артқаны тіркелді, бұл - шамамен 21 мың өлім. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, аймақта аурудың күрт өсуінің себебі екпе салдыртудың төмен деңгейімен байланысты, соның ішінде Румыния, Болгария, Словения және Украина сияқты елдер кейінгі аптада коронавирус инфекциясы мен өлім-жітімнің рекордтық көрсеткіші болғанын мәлімдеді.

Басқа аймақтарда апта сайынғы COVID-19 жағдайларының төмендеуі тіркелді, Африка аймағында 21 пайызға және Тынық мұхитының батысында 17 пайызға төмендеді.

Бір апта ішінде әлемде 2,9 миллионнан астам COVID-19 жұқтырғандар анықталды.
Бұған дейін Кох институты Еуропада коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін екенін ескерткен.
28 қазан 2021 ж. 310 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930