Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы жаңа деректер жарияланды

Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы жаңа деректер жарияланды

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылдың қаңтар-тамызындағы Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы жаңа деректерді жариялады.
2021 жылы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 42,1 мың адам, оның ішінде қала халқы – 11 миллион 287,4 мың (59,3 процент), ауыл халқы – 7 миллион 754,7 мың адам (40,7 процент). 2020 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,4 процентке өсті, – делінген хабарламада.
2021 жылғы қаңтар-тамызда халықтың табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-тамызбен (162,5 мың адам) салыстырғанда 10,1 процентке өсті және 178,9 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 14,14 процент болады.

Туғандар мен қайтыс болғандар саны
2021 жылғы қаңтар-тамызда дүниеге келгендер саны 296,5 мың адам болса, бұл 2020 жылға қарағанда 8,4 процентке артық (273,4 мың адам). Туудың жалпы коэффициенті 1 мың адамға 23,44-ке сәйкес келеді.
Осы кезеңде қайтыс болғандардың саны 117,6 мың адам, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6 процентке артық (111 мың адам). Өлімнің жалпы коэффициенті 1 мың адамға шаққанда 9,3-ке сай келеді.
2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында бір жасқа дейінгі 2345 нәресте қайтыс болды. 2020 жылдың осы кезеңінде 2129 нәресте қайтыс болды. Өлім-жітім 10,1 процентке артты. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1 мың дүниеге келген адамға 7,91 болады.

Көшіп келгендердің саны
Көші-қон қызметі органдарының деректері бойынша, 2021 жылғы қаңтар-тамызда елге келгендер саны – 6 339 адам, елден кеткендер саны – 22 685 адам, көші-қон тепе-теңдігі 16346 адам болады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1 процентті, көшіп кеткендердің үлесі мигранттардың жалпы санының 86,1 процентті құрады. Республика шегінде көшіп келгендер саны 7,3 процентке ұлғайды. Қазақстан ішінде азаматтар Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Маңғыстау облыстары арасында ауысады.
18 қазан 2021 ж. 433 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031