Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірде демографиялық ахуал жақсара түсті

Өңірде демографиялық ахуал жақсара түсті

Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес 2018 жылғы 1 маусымына облыстың халық саны 787,7 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалықтар – 348,5 мың (44,2%), ауылдықтар – 439,2 мың (55,8%). 2017 жылғы 1 маусымымен салыстырғанда халық саны 11,2 мың адамға немесе 1,4% өскен.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-мамырында туылғандар саны 7663 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырына қарағанда 1,4% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,49 туылғандарды құрады.
Облыс халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 235 адамға немесе 4,1% артып, 5902 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,09 адамды құрады.
Қайтыс болғандар саны 1761 адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырына қарағанда 6,8% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,40 қайтыс болғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтар-мамырында облыста 1 жасқа дейінгі 65 нәресте өлімі тіркелді. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 4,4% аз. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,48% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша Қызылорда облысынан 15383 адам кетіп, облысқа 14028 адам келді. 2017 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 5,0% көбейген, ал кеткендер саны 2,0% азайған.
Алыс және жақын шет елдерге 16 адам (2017 жылғы қаңтар-мамырында - 8), республиканың басқа облыстарынан 3380 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3686 адам келген болатын.
Облыстан 4728 адам немесе жалпы көлемнің 30,7% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-мамырында тиісінше 6027 адам немесе 38,4% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 23, ал 2017 жылдың қаңтар-мамырында 15 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-мамырында 1355 адамға, 2017 жылғы қаңтар-мамырында 2348 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 10632 тұрғыны тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-мамырында - 9661 адам).
16 шілде 2018 ж. 2 134 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 57

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 58

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 101

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 117

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031