Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Анаға құрмет – қоғам парызы

Анаға құрмет – қоғам парызы

Қоғамның ең үлкен құрметі де, алғысы да аналарға десек қателеспейміз. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесік тербететін аналарға деген қазалылық азаматтардың да қошеметі ерекше.
Оны өткен жұмада аудан басшысы Мұхтар Оразбаевтың Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде аудан аналарымен өткен кездесуде аңғардық.
Шараға теміржол, мәдениет, денсаулық, білім саласының ардагерлері мен кәсіпкер аналар қатысты.
Босқосу басталмас бұрын аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова кездесуге шақырылғандарды аудан басшысымен жеке-жеке таныстырды.
Еркін форматта өткен кездесуде аудан әкімі М.Әуесұлы еліміздің алға қарай жылжуы мен туған жердің гүлденуі үшін әйел-аналардың қосатын үлесі ерекше екендігін, сонымен қатар ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Аудан әкімі жыл аяғына дейін Қазалы қаласын көгілдір отынға қосу үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын, сондай-ақ “Қарлаң” өткеліне темірбетон көпірінің құрылысын салу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланғанын да тілге тиек етті.
Мұнан кейін аналарға сөз кезегі беріліп, олар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Алғаш болып Бекарыстан би ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Құралай Бекжанова сөз алып, ­ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Сонымен қатар Майдакөл ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Күләш Лекер, Қазалы қаласының тұрғыны Ұлия Жұбаныш, Қазалы қаласы әйелдер кеңесінің төрайымы Дана Сабырбаева, жеке кәсіпкер Шәки Асқарова, мәдениет саласының ардагері Ұлжан Ахметова және тағы басқа аналар ұсыныс-пікірлерін айтты.
Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлымен еркін тақырыпта ой бөліскен аналар ең бастысы, отбасында тәрбиелік құндылықтың маңызын жоғалтпау керектігін баса айтты. Ақ жаулықты аналарымыз әрқашан ер азаматтарды сыйлап, әрдайым жақсылыққа тілекші болуға шақырды.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, “Nur Otan” партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев та қатысты.
Шарада аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары аналардың құрметіне арнап ән-жырдан шашу шашты.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ,
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы
12 қазан 2021 ж. 364 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 66

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 69

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 69

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031