Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ радиосына құрмет

Қазақ радиосына құрмет

Жуырда Қызылорда қаласында Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойы аясында және 1 қазан «Радио күні» мерекесіне орай Қазақ радиосының құрметіне көше берілді.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, «Қазақ радиолары» ЖШС бас редакторы – «Қазақ радиосының» директоры ­Дулат ­Абибуллаев, «Қазақ радиолары» ЖШС Стратегиялық дамыту қызметінің жетекшісі Мұхамедияр Рашай, облыстық мәслихаттың депутаты, «Қоғам ТВ» телеарнасының құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімов, облыстық «Qyzylorda» теларнасының директоры Жағыппар Қарабала және Сыр елінің зиялы қауымы қатысты.
Дулат Абибуллаев Сыр елімен Қазақ радиосының тағдыры тарих парақтарында тоғысқанын айтып, Қазақ радиосының құрметіне көше беру үлкен сый екенін жеткізді.
Ал Шәкизада Әбдікәрімов Тәуелсіздіктің таңы атып, егемендікті еншілеп, еңселі ел атанған Қазақстанның Қазақ радиосы халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, діні, әдебиеті мен мәдениеті жайында тәулік бойы хабар тарата алатын нағыз ұлтжанды ақпарат көзі екенін айтып, мерейтойға және «Радио күні» мерекесіне орай құттықтау лебізін арнады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
05 қазан 2021 ж. 464 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031