Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент радио қызметкерлерін кәсіби мерекеcімен құттықтады

Президент радио қызметкерлерін кәсіби мерекеcімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев радио қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп жазады egemen.kz
«Баршаңызды Қазақ радиосының ғасырлық мерейтойымен құттықтаймын! Бұл – бүкіл елімізге ортақ қуаныш.
Қазақ радиосының жылнамасы – халқымыздың жүз жылда жүріп өткен жолының айнасы. Радио алғаш құрылған күннен бастап ел мүддесіне қызмет етіп келеді. Қазір де тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен ұлттық құндылықтарды жастардың санасына сіңіруге сүбелі үлес қосуда.
Бірнеше буын ұрпақ үшін радио ақпараттың ғана емес, руханияттың да қайнар көзі болды. Халқымыздың біртуар перзенттерінің дауысы мен ән-күйлері қара шаңырақтың қазыналы қорында сақтаулы тұр. Бұл – біздің баға жетпес асыл мұрамыз.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тұспа-тұс келген бүгінгі мерейтойдың орны бөлек. Биылдан бастап 1 қазан «Радио күні» болып бекітілді. Мұның өзі бұл саланың ақпарат айдынындағы рөлі ерекше екенін аңғартады.
Қазақ радиосы келешекте де мағыналы әрі мазмұнды хабарларымен ұлттың жадын жаңғыртып, мемлекеттігімізді нығайтуға атсалыса береді деп сенемін!
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық шабыт тілеймін!», деп жазылған құттықтауда.


01 қазан 2021 ж. 359 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 137

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 116

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031