Бекарыстан би ауылында балабақша құрылысы басталды
Ауылдың тумасы, қазір Ақтөбе қаласында тұратын жеке кәсіпкер Болат Сансызбаевтың демеушілігімен бастау алған жоба құны 75 миллион теңгені құрайды. Жақсы іске жанталасқан азамат құрылыс жұмыстарына бастама ретінде 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 50,0 миллион теңге несие алған болатын. Ауылдан шыққан тұлғаның тәрбиемен сусындаған тамырын ұмытпай, балабақша салып жатқаны бір мәртебе. «Бекарыстан би ауылы аудандағы іргелі елді мекенй. Осы кезге дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу №24 мектеп жанынан ашылған шағын орталықта жүзеге асатын. Жаңа нысан іске қосылса, қосымша жұмыс орны ашылып, бюджетке қосымша салықтық түсімдер тартылады.
Ал Болат бауырымыздың елге жасап жатқан игі қызметі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жерге тағзым» идеясымен үндесіп-ақ тұр», – дейді Майдакөл ауылдық округінің әкімі Қонысбек Құрманбаев.
100 орындық көлемде салынатын тәрбие ошағының бас демеушісі: «Туған жердің әр азаматы қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекенін бір сәт естен шығармауы тиіс. Өзім Бекарыстан би ауылының тумасы болғандықтан туған жеріме өз үлесімді қосқым келді. Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан ауылдағы бүлдіршіндердің жақсы тәлім-тәрбие алуы үшін заманауи талапқа сай балабақша салуды қолға алдым. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Алла қаласа, жыл соңында балабақшаны пайдалануға береміз деген үміттемін», – дейді .
Туған жерге тағзым ету, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу – қазақ халқының әлімсақтан жалғасқан ғұрпы. Туып өскен өлкеге еңбегімен елеулі болған азаматтар қатары аз емес. Осы орайда тұрғындар ауылының өркендеуіне өздігінен үлес қосып жатқан Болат Сансызбаевтай ел ағасынан үлгі алса дейміз.

Дина БӨКЕБАЙ