Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентін аралап, бірқатар кәсіпкерлермен кездесті.
Аудан басшысы алдымен Бауыржан Бисенмен кездесті. Ол қазіргі таңда Т.Бокин көшесінен аумағы 3 гектар болатын жерге құрылыс материалдарын сататын базар салып жатыр. Аудан орталығының шет аумағынан салынатын базардың өз тиімділігі бар. Құрылыс заттарын алатын тұрғындар Әйтеке би кентінің орталығына бармай-ақ, осы жерден сатып ала алады.

Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құрылыс жұмыстарына қажетті материалдар шығаратын цехтың жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда цехта брусчаткалардың түр-түрі шығарылуда. Сонымен қатар, мұнда тұрғын үй салуға қажетті газоблоктың да бірнеше түрі бар. Цехта 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы өндіріс орнының жауапты қызметкері Самат Аманов айтып берді.


Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевпен кездескен жеке кәсіпкер алдағы жоспарларымен бөлісіп, жеңілдетілген несие алуға көмек көрсетуді сұрады. Егер пайызы аз несиеге қол жеткізетін болса, ағаш кесетін станок пен материал тасымалдайтын көлік сатып алмақшы. Осылайша аудан халқы тұрғын үй салу үшін алатын құрылыс ағаштарының бағасын төмендетпек.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларына жеке кәсіпкерге құқықтық көмек көрсетіп, түрлі мемлекеттік бағдарламаларға ұсынуға тапсырма берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
29 қыркүйек 2021 ж. 571 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031