Адамдар соңғы уақытта неге агрессияға жақын болып кетті?: Маман түсіндіріп берді
Орын алған соңғы жағдайларға байланысты халық арасында жанжалға құмарлық пен қылмыс жасауға жақындық артып бара жатқандай. Түймедей жәйттен түйедей мәселе тудыру адамдардың агрессияға жақын болып бара жатқанының бейнесі ме? Бұл сұрақтарға психолог маман жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.
Психолог Ділдә Сақтағанның айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе қоғамда кең етек жайып бара жатқан салдардың бірі.
"Агрессия көбінесе адамның ішінен шықпай қалған ашу мен ызадан туындайды. Мұндай жағдайлар туындағанда адам өз өзіне жауап бере алмайтындай күйге түседі және соның нәтижесінде ауыр салдарға себеп болуы мүмкін", – дейді маман.

Сонымен қатар Дәлді Сақтағанның ойынша, агрессияның артында үлкен эго, яғни менмендік тұруы ықтимал.
"Көп жағдайда мұндай күйге түскен адамдардың артында эгостризм – менің айтқаным мен қалауым болуы керек деген ой тұрады. Сондай-ақ адамның ішінде қалып кеткен кектен те туындап жатады және тағы бір үлкен себептердің бірі – манипуляция. Бұл кезде адам өзінің дұрыстығын немесе ақ екендігін дәлелдеудің бірден бір жолы күш қолдану деп шешеді", – деп қосты ол.
Маман сөзінің соңында қоғамды бұл дерттен арылтудың амалын да айтып берді.
"Жоғарыда айтқанымдай бұл өте өзекті мәселе болып тұр. Көп жағдайда агрессияға тұрмысы төмен және экономикасы әлсіреген елдердің азаматтары бейім болып жатады. Сол себепті адамның ойында не ішемін, не киемін деген ой бірінші орында тұрмаса, адам агрессиядан аулақ болады", – деп түйіндеді Ділдә Сақтаған.