Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Терроризм - адамзаттың қасіреті

Терроризм - адамзаттың қасіреті

“Қазалы Ынтымағы” қоғамдық бірлестігі терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шарасын ұйымдастырды. Қоғам белсенділері акцияны тұрғындар көп шоғырланған халыққа қызмет көрсету орталығы маңында, базар, вокзал, теміржол ауруханасы жанында және “Әли Муса” мешіті алдында өткізді.
Олар 200-ге жуық адамға жат ағымның жетегінде кетпей, адамгершілік болмысты сақтап қалу жолдарын түсіндірді. Бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің қадірін, айналаңа жақсылық жасай білу өмірдің басты ұстанымы екенін ұғындырды. Терроризм мен діни экстремизмнің себептері мен зардаптары туралы кеңінен айтылып, түсіндірмелік кітапшалар таратылды.
Шараға қатысушылар пікір тақтасына қолтаңбаларын басып, терроризм мен экстремизмнің тұрмысымызға жат қылық екенін жазбаша білдірді.
“Қазалы Ынтымағы” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәнімкүл Күлікбаеваның айтуынша, кез келген жамандықтың алдын алмаса оның зардабы ауыр болады. “Терроризмге қарсы күрес бүгінде әрбір елдің ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарының біріне айналған. Сондықтан сақтансаң, сақтаймын қағидатын ұстанған абзал. Әрине бейбітшілік мәңгі жасап, соғыс пен экстремизмге мүлдем жол берілмесін. Дегенмен халық қандай да болмасын аяқ асты қиын жағдайға тап келсе тосырқамай, жан-жақты ақпараттанғанын қалаймыз. Жерлестеріміз жат ағымның жетегінде кетпесе деген мақсатымыз басым. Бұл ретте тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру бағытында республикалық және облыстық деңгейдегі білікті теологтарды шақыртып тұрамыз”, – дейді бірлестік төрайымы.
Жұртшылық акцияға белсене қатысып, терроризм мен экстремизм адамзаттың қасіреті екенін жан-жақты ұғына түсті.

Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
20 тамыз 2019 ж. 2 055 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031