Жол қауіпсіздігі – басты назарда
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізіне жақын орналасқан Әйтеке би кенті мен ауылдық округтің тұрғындары үй жануарларына жарық шағылыстыратын белгі тағу қажет. Бұл туралы аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жол қауіпсіздігіне арналған басқосуда айтты.
– Көлік жүргізушілеріне кешке жол үстіне шыққан төрт түлікті бірден байқау қиынға түседі. Сондықтан малдың бас жібі сәуле шағылыстыратын материалдан болуы керек. Себебі жалт-жұлт еткен жапсырма жүргізушіге алыстан байқалып, қырағылығын арттыруға септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде жол бойындағы қайғылы оқиғадан аман сақтайды, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Жиында аудан басшысы Әйтеке би кенті мен Майлыбас, Басықара, Құмжиек, Қарашеңгел, Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімдеріне жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолға алуға тапсырма берді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат