Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Судьяларға қазақ тілін үйрететін оқулық жарық көрді

Судьяларға қазақ тілін үйрететін оқулық жарық көрді

Кітапта сот жүйесінің кәсіби терминдері барынша түсінікті етіп аударылған. Сот жүйесінің кәсіби терминдерін қазақ тіліне аударуда әлі де болсын күрделі мәселелер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Әсіресе мемлекеттік тілде жүргізілген істі кейбір процеске қатысушы азаматтар мүлде түсінбей жатады. Осындай болмауы үшін Қарағанды облыстық соты тіл басқармасымен бірлесіп, сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқулық шығарды. 120 академиялық сағаттан тұратын кітапта сот жүйесінің кәсіби терминдері барынша түсінікті етіп аударылған. Алдағы уақытта судьялар осы әдістеме бойынша білімін жетілдіреді. Кейін оқуды қаншалықты игергенін білу үшін емтихан тапсырады. Атап өткен жөн, кәсіби салаға бейімделген тұңғыш оқулық өзге де облыстың сот қызметкерлері мен тілдер басқармаларына жіберіледі.

«Бұл кітаптың мақсаты – сот саласындағы қыметкерлердің қарапайым деңгейде оқып, тыңдап, жазып түсіну дағдыларын қалыптастыруға негізделді. Жалпы бұл кітапты жазуда сарапшы судьялар бізге көп көмек көрсетті десе болады. Жалпы, бұл кітапты бастамас бұрын 8 ай көлемінде сот саласындағы терминдерді, барлық іс жүргізу актілерінің үлгілерін қарап, сот отырысының хаттамалары, қылмыстық іс, азаматтық іс жүргізуді қарап, зерделеп барып кітап жазуға араластық», - дейді тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева.
13 қыркүйек 2021 ж. 274 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031