Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі шаруашылық жетекшілерімен кездесті

Аудан әкімі шаруашылық жетекшілерімен кездесті

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ғ.Мұратбаев ауылындағы жайылымдылық жерге байланысты мал шаруашылығымен айналысатын азаматтармен кездесті.

Кездесуде аудан басшысы халықтың қарамағындағы мал заң аясында тіркеліп, тіркелген орны бойынша жайылымдылық жер алу қажеттігін айтты.
– Тұрғындардың ауданда мал шаруашылығын дамытып, кәсіпкерлікпен айналысуы көңіл қуантады. Дегенмен барлығы заң аясында жүзеге асуы тиіс. Сіздерде шаруашылықтағы мал басын тіркеуден өткізіп, тиісінше мал басына қарай қажетті жайылымдылық жер алыңыздар. Биыл қуаңшылыққа байланысты қиындықтар туындап жатқанын білеміз. Сол үшін де «Әулиетөбе» учаскесіндегі жайылымдылық жерлерді суландыру мақсатында каналдарға су жіберіп жатырмыз, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Өз кезегінде мал шаруашылығының жетекшілері Ардагер Сақтағанов, Теңізбай Деменбайұлы және Кенжебек Хайруллаұлы көтеріліп отырған мәселелерге байланысты өз ойларын ортаға салып, уәждерін айтты.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
07 қыркүйек 2021 ж. 393 0

Қазақтың жарық жұлдызы

06 маусым 2026 ж. 82

Ғасырдан жеткен ғибрат

06 маусым 2026 ж. 80

№42 (1847)

06 маусым 2026 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930