Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбылдағы жарылыс: Тағы бір әскери көз жұмды

Жамбылдағы жарылыс: Тағы бір әскери көз жұмды

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар салдарынан тағы бір әскери қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметкері 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болған.
Еске салайық, 26 тамыз күні кешке Тараз маңындағы инженерлік оқ-дәрілер сақталатын әскери бөлімнің қоймасынан өрт шықты. Өрт салдарынан онға жуық жарылыс болды. Нәтижесінде 100-ге жуық зардап шегуші ауруханаларға жатқызылды, оның 49-ы төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Кейін Президент қаза тапқандарды марапаттаған. Сондай-ақ қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.
07 қыркүйек 2021 ж. 294 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 42

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 55

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031