Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери саперлер оқ-дәрілер қоймасының аумағын тазартуға кірісті

Әскери саперлер оқ-дәрілер қоймасының аумағын тазартуға кірісті

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында әскери саперлер жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қорғаныс министрі өрттен зардап шеккен қойма аумағын қарап шықты. Оқиға орнында ол Төтенше жағдайлар министрімен және Жамбыл облысының әкімімен кеңес өткізді. Өрт салдарын жоюға қатысты бірлескен іс-қимылдар үйлестірілді. Негізгі күш-жігер халықтың қауіпсіздігін 100% қамтамасыз етуге бағытталған. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлері оқ-дәрілер қоймасының аумағын тазартуға кірісті. Бөлімшелер қалыптық мина тартқышпен жабдықталған инженерлік және бронды транспортерлерді пайдалануда», – деп хабарлады бүгін ведомстводан. Әскери саперлер теміржол учаскесі мен жақын маңдағы елді мекендерге инженерлік барлау және тазалау жұмыстарын жүргізді. Осыған дейін Қорғаныс министрі әскери қоймадағы өрт сөндірілгенін мәлімдеген еді. Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болғаны белгілі. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Салаға жауапты Қорғаныс министрі жарылыстың қалай болғанын  айтқанымен, күдіктінің нақты кім екені атай алмады, тек болжам жасады. Бүгін жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті.
28 тамыз 2021 ж. 438 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930