Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жамбылдағы жарылыс: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Жамбылдағы жарылыс: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапқан. Қазіргі таңда оның кім екені анықталып жатыр. Жалпы, жарылыс кезінде ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.
Еске салайық, 26 тамызда кешкі сағат жетілер шамасында Байзақ ауданындағы оқ-дәрілер базасында жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігі алғашында 4 адамның қаза тапқанын хабарлаған. Екі күннен бері бұл цифра өсіп, 13 адамға жетті. Ал, жарақат алғандардың жалпы саны 100 адамға жуықтайды.
Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.
  1. Темірболатов Арнұр Серікұлы – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы
  2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;
  3. Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі; өрт сөндіру басшысының орынбасары.
  4. Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;
  5. М.К.Айманов – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары;
Сондай-ақ, үш адамның денесінің жеке бас мағлұматтары анықталуда. Жоғалған үш адам іздестірілуде.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
28 тамыз 2021 ж. 407 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930