Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елінен кеткісі келетін ауғандарға арнап қауіпсіз аймақ ашылуы мүмкін

Елінен кеткісі келетін ауғандарға арнап қауіпсіз аймақ ашылуы мүмкін

Франция мен Ұлыбритания Кабулда елден кеткісі келетін адамдарды қорғау үшін қауіпсіз аймақ құруды ұсынып отыр.
Қос мемлекет бастаманы бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Ауғанстанға қатысты шұғыл отырысында қарар ретінде ұсынбақ. Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон жергілікті телеарнаның бірінде берген сұхбатында мәлімдеді. Бесінші республика басшысының айтуынша, ол «Талибан» өкілдерімен осы мәселе мен елге гуманитарлық көмек көрсету жайлы сөйлескен. Алайда кей ақпарат бойынша тәліптер бұл ұсыныстан бас тартқан. Эммануэль Макрон, Франция президенті: - Біздің Ұлыбританиямен бірігіп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынғалы отырған жобамыз өзге де операцияларда қолданылған шара. Ол адамдардың әуежайға қауіпсіз жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Менің ойымша, бұл орынды бастама. Себебі ол халықаралық қауымдастықты жұмылдырып, «Талибан» қозғалысына қысым көрсететін болады. Ал тәліптер амеркандық жауынгерлер әуежайды тастап шыға салысымен оны өз бақылауына алуға дайын екенін жеткізді. Соңғы ақпарат бойынша қазір әуе айлағында 1 мыңдай адамды эвакуациялау қалған. Ал ресми дерекке сүйенсек, тәліптер Кабулды басып алғалы бұл әуежайдан 100 мыңнан аса адам шетелге көшірілген. Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.

30 тамыз 2021 ж. 479 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 117

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031