Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астауға деген қызығушылық артуда – «Блэк»

Астауға деген қызығушылық артуда – «Блэк»

Бүгінгі таңда ұлттық нақыштағы киім де, ыдыс та сәнге айналып келеді. Мысалы, қазақстандық сәнгерлер өз киім үлгілерін оюмен әрлеп, шапан мен кең қонышты етіктерді заманауи стильде шығарып жатса, қазақтың ұлттық тағамының астауға салып тартылуын да жиі кездестіре бастадық. Сол сияқты, ағаштан жасалған кесемен сорпа, қымыз ұсыну да жақсы әдетке айналып келеді. Осы орайда, Baq.kz тілшісіне ағаштан ұлттық үлгідегі тұрмыстық дүниелерді жасауды қолға алған, бұл істе көш бастап ұрған кәсіпорындардың бірі «БЛЭК» ЖШС-ның атқарушы директоры Роман Никитенкомен сұхбаттасудың сәті түсті.
- Сіздің кәсіпорын өз жұмысын сонау 90-жылдары бастағаны белгілі. Ал өзіңіз білесіз, бұл еліміздің егемендік алып, біршама дағдарысты бастан өткеріп жатқан шағына сәйкес келеді. Сол уақытта ұлттық нақыштағы тұрмыстық дүниелер шығару идеясы қайдан пайда болды?
- «Блэк» кәсіпорны 1989 жылы құрылды және бұған біздің кәсіпорынның жетекшісі, рәсімдеуші суретшісі, дизайнері мен оюшы Никитенко Юрийдің үлкен шығармашылық тәжірибесі арқау болды. Суретші дарыны мен басшыға тән қасиеттері оны ағашпен жұмыс жасайтын шеберхана құруға итермеледі. Сол шағын шеберханада бірнеше дарынды оюшы жұмыс жасайтын. Кейіннен тағы бірнеше ағаш шебері қосылып, жанұясы көмектесті. Шеберхана аумағы кеңейіп, бүтіндей бір ұжым пайда болды. «Блэк» орындықтан трюмо мен шкафқа дейінгі ойып жасалатын эксклюзивті заттарға бейімделген болатын. Осы дүниелердің өзі сол уақытта ағаштан жасалған бұйымдарды ұнататын, өз интерьерінде әдемі әрі ерекше дүниенің болуын қалайтын шағын аудиторияның қалыптасуына ықпал етті. 90-шы жылдары ел алдында әлдеқайда маңызды міндеттер тұрғандықтан, сән жиһаздарын сатып алу біршама қиын болды, алайда, аз да болса тапсырыс берушілер бар болатын. Дәл осы қиын-қыстау жылдары Юрий Егоровичте тұрмыстық заттар мен ыдыс-аяқта қазақ дәстүрін қайта жаңғырту иедясы пайда болды. Осы мақсатта ол көптеген ауылдарды аралап, жасы үлкен кісілермен сұхбаттасып, қазақ тарихын зерттеді. Алғашқы ыдыс-аяқ сызбаларын бірнеше ай бойы дайындап, одан соң макеттерін жасады. Ең бірінші бұйымдар бүгінде кәсіпорынның мұражайына қойылған.
- Бұйымдарыңызды сатып алушыларды табу қиын болған жоқ па?
- Негізінен, сатып алушылар өздері бізді іздеп табатын. Себебі, олар дәл біздің кәсіпорында үлгісі, пішіні, ою әдісі ерекше болатын кез-келген жиһаз бен ыдыс-аяқты сатып алуға немесе тапсырыс беруге болатынын білетін. Бүгінгі күні «Блэк» ЕАЭО кеңістігіндегі табиғи ағаштан ұлттық нақыштағы қазақтың дәстүрлі бұйымдарының кең түрін дайындайтын жалғыз кәсіпорын болып табылады.
- Бұл әсем заттарды кім жасайды, нобайлары мен үлгілердің авторлары кім?
- Кәсіпорын шығаратын барлық бұйымдар мен дұниелер «Блэк» ЖШС-ның бірінші басшысы әрі негізін қалаушы Юрий Никитенконың нобайы мен дизайнерлік шешімі бойынша жасалған. Шығарылатын өнім түрлері жүзге жетеді, ал нобайларының мыңдаған нұсқалары бар. Мұның барлығы Никитенконың өз қолынан шыққан.
Бүгінде жаңа нобайлар жасау бойынша атқарушы директор Никитенко Роман жұмыс жасауда. Оған суретші дарыны әкесінен берілген. Сондай-ақ, біздің ұжымда талантты оюшылар бар. Ал жас мамандарды тәжірибесі бар шеберлер үйретіп баулиды. Компанияның өзіндік стилін жоғалтпас үшін Блэктің барлық бұйымдары авторлық құқықпен қорғалған және патенттелген.
- Қазір смартфондар заманында инстаграмм секілді әлеуметтік желілерден жоғары сапалы ағаштан жасалды деп жарнамалап, ұлттық стильдегі астау мен басқа да бұйымдарды ұсынатындарды көп кездестіруге болады. Ағаш түрлерін аса жетік білмейтін адамға сапалы және сынамасы төмен бұйымды қалай ажыратуға болады?
- Иә, расында да соңғы 3-4 жылда үйде немесе шағын шеберханада қолөнер шеберлерімен дайындалған астау түрлері көбейіп кетті. Әдетте, бұл санаулы ғана данада болады. Ал біздің кәсіпорын бұл кезеңнен 25 жыл бұрын өтіп кетті. Бүгінгі күні бізде өте жақсы ағашты үлкен көлемде сатып алу және оны сапалы өңдеу мүмкіндігі бар. Барлық бұйымдар, соның ішінде ыдыс-аяқтар ағашты кесуден оны жонып, лактауға дейінгі өңдеудің 24 кезеңінен өтеді. Біз сапа сертификатын, кепілдендірілген қызмет ету мерзімін және сервистік қызмет көрсетуді ұсынамыз. Мұндай ыдыс-аяққа дұрыс күтім жасайтын болса, ол иесіне ұзақ жылдар бойы қызмет етеді. Ал жиһаздар ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.
- Сіздердің кәсіпорындарыңызда дайындалатын өнім саны шамамен қанша? Сондай-ақ, бүгінгі тұтынушылар қандай тауарды жиі сатып алады?
- Кәсіпорынның авторлық нобайлары бойынша қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтарының 850-ден астам түрі жасалған. Бұл, астау, тегештер, кеселер, түрлі тәрелкелер және тағы басқалары. Сол сияқты, жиһаз бен сән үшін қолданылатын бұйымдардың 300-ден астам түрі бар: үстелдер, орындықтар, кебеже, домбыраға арналған қаптама, бесік, асадал, панно. Жөнге салынған өндіріс, ағаш өңдеу технологиясын жетік білу және үлкен жұмыс тәжірибесі бізге жоғары сапалы өнім дайындап, кез-келген көлемдегі тапсырыстарды қабылдауға мүмкіндік береді. Ал, қандай тауар сатылым жағынан бірінші орында дегенге келер болсақ, әрине, астау үлкен сұранысқа ие және соңғы 5 жыл ішінде астау сатып алушылар саны айтарлықтай артты. Бұл қазіргі таңда қазақстандықтардың экологиялық таза ыдыстан ас жеп, сапалы тауар сатып алуға ден қойғанын және заманның технолгоиялық жедел дамуына қарамастан, қазақтың ұлттық дүниелерін қызығушылық артып келе жатқанын білдіреді.
- «Блэк» кәсіпорны өз өнімдерін дайындау барысында қандай ағаш түрлерін қолданады? Сонымен қатар, бір бұйымды әзірлеуге шамамен қанша уақыт жұмсалады?
- «Блэк» өнімдері берік, асыл және экологиялық таза ағаш түрлері – қайың, ақ тал, емен, бүк ағашынан дайындалады. Қол еңбегі біздің кәсіпорындағы жұмыстың шамамен 90%-ын құрайды. Ал қалған пайызға ағаш бастапқы бөліп алу мен болашақ пішінді шамалап ою жатады. Жұмысқа жұмсалатын уақыт зат дизайнының күрделілігі мен оның көлеміне байланысты. Мысалы, аса күрделі емес астауға 2-3 күн кетсе, эксклюзивті астауды әзірлеуге 2-3 ай жұмсалады. Біз мамандардың шеберлігіне үлкен назар аударамыз. Оюшылар мен әрлеуілер күн сайын өте күрделі және жауапты шығармашылық жұмыстарын орындайды. Дайын нобайлар бойынша оюлар мен түрлі иірімдердің сапалы орындалуы дәл осы мамандарға байланысты болады.
- Дәл сіздердің өнімдеріңіздің дайындалу құпиясын сақтау үшін «Блэк» кәсіпорын жұмысшыларымен құпиялылық келісімшартын жасайды ма?
- Әрине. Әрбір жұмысшымен құпиялылық келісімшарты міндетті түрде жасалады.
- Әңгімеңізге рахмет!
19 наурыз 2018 ж. 3 222 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930