Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өскемен мұғалімдері бір ай бойы ұлттық киіммен жүреді

Өскемен мұғалімдері бір ай бойы ұлттық киіммен жүреді

Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебінің кураторлары бір ай бойы ұлттық нақыштағы көйлек киіп жүрмек, деп хабарлайды Егемен Қазақстан.
Ел көлемінде осымен үшінші жыл қатарынан атап өтілген Алғыс айту күнін білім ордасының ұстаздары қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген көйлектерді киіп, ұлттық әшекейлерді тағып тамаша көңіл-күймен қарсы алды.
Зияткерлік мектептің кураторы Шолпан Чакиртенова оқушыларға ұлттық нақыштағы киімдердің әсемдігін, көркемдігін ғана емес, киюге қолайлылығын да паш етуді мақсат қылғандықтарын айтады.
«Бабадан балаға қалған құнды мұраларымызды өзіміз насихаттамағанда кім насихаттайды? Алла сәтін салса, Наурыз мерекесі қарсаңында оқушы қыздарымыз да әшекейлерін, сыңғырлаған шолпыларын тағып шығады», – дейді ол.
Мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның сөзіне сенсек, білім ордасының ұстаздары жыл сайын ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық киімдерді киіп жүруді игі дәстүрге айналдырған. Ал біз сөз етіп отырған тамаша акция осы айдың соңына дейін жалғасады.
05 наурыз 2018 ж. 3 305 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30