Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Педагогтердің қанша пайызы вакцина алған?

Педагогтердің қанша пайызы вакцина алған?

Бұл сұраққа бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп жазады egemen.kz
Білім мекемелеріндегі педагогтердің 93,1 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алған. Басқа қызметкерлердің 88,4 пайызы вакцина салдырған.
«Студенттердің вакцина алуын ынталандыру бойынша университеттер арнайы іс-шараларды ұйымдастырып жатыр. Оқу ақысын төмендету, ақысыз курстарға қатыстыру, жолдамалар мен бағалы сыйлықтар беру сияқты бастамалар университеттерде кеңінен қолданылуда», деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің мәліметінше, биылғы оқу жылында педагогтердің қатарын 12 мыңнан астам жас маман толықтырмақ. Олардың басым бөлігі Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарындағы білім мекемелерінде қызметін бастайды.
«Жаңа оқу жылындағы 1-сыныптың болжамды контингенті 380 мың бала болады деп есептейміз. Оның 97 пайызы электронды түрде 1 тамызға дейін құжаттарын тапсырды», деді министр.


11 тамыз 2021 ж. 517 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031