Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цой: Науқастардың 99,9 пайызы– вакцина алмағандар

Цой: Науқастардың 99,9 пайызы– вакцина алмағандар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың 99,9 пайызы - вакцина алмағандар. Сәрсенбі күні үкімет отырысы кезінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп мәлімдеді.

– Вакциналаудың тиімділігін бағалау кезінде науқастардың 99,9 пайызы вакцина алмағаны анықталды. Ал вакцинадан кейін коронавирусқа шалдыққандар 0,1 пайызды құрайды. Екпе алмаған науқастар арасында адам өлімі көрсеткіші 97,7 пайызды құрайды. Ал вакцина алғандар арасында бұл көрсеткіш – 2,3 пайыз. Онда да вакцина алғандар ауыр созылмалы ауруға шалдыққан. Бұл факт вакциналаудың тиімді екенін және коронавирустың асқынуынан қорғай алатынын дәлелдейді, – деді Алексей Цой.

Министрліктің бағалауынша, "вакциналау елдегі эпидемиологиялық ахуалға оң әсер етіп жатыр". Цой Қазақстан "коронавирус бойынша оптимистік сценариймен келе жатыр" деді. Оған сәйкес, күн сайын орташа 6,6 мың науқас тіркеледі.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, шілдеде дельтаға байланысты елде вирус өршіген. Ал тамыз айында індеттің сәл бәсеңдегені байқалған.

Қазір республика бойынша инфекциялық ауруханалардағы орындардың 54 пайызы, реанимациядағы орындардың 45 пайызы бос емес. Бұл жөнінде ең жоғары көрсеткіш Атырау облысы мен Нұр-Сұлтанда тіркелген. Мұнда ауруханалар 69 пайызға толы. Ақтөбеде – 65 пайыз, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында стационарлардағы орындардың 63 пайызы бос емес.
11 тамыз 2021 ж. 548 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 1

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 12

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 16

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031