Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайдың 175 жылдығы әлем картасында қандай із қалдырды

Абайдың 175 жылдығы әлем картасында қандай із қалдырды

Былтыр Абайдың 175 жылдық мерейтойы пандемия жағдайына тап келгені ел есінде. Дегенмен, айтулы дата әлемнің түкпір-түкпірінде атаусыз қалмаған болатын. ҚазАқпарат сол Абай тойының әлем картасына қандай із қалдырғанына шолу жасап көрді.
Былтыр 4 тамызда ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша 10 тамыз – Абай күні деп белгіленген болатын. Осылайша ойшыл ақынның 175 жылдығы қарсаңында Қазақстан күнтізбесінде оның атымен байланысты айтулы дата пайда болған. Еліміз Абайдың 175 жылдық мерейтойына ерте бастан дайындалды. 2019 жылдың 30 қазанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мерейтойға арналған республикалық жоспар бекітілді. Алайда COVID-19 пандемиясы ол жоспарды түбегейлі өзгертіп, шаралардың көбі онлайн форматқа ауыстырылды. Дегенмен Абайдың 175 жылдығы той тойлаудың емес, ой ойлаудың жылы болды деуге толық негіз бар. Abai арнасының мазмұны бай, бағыты еркін ақпарат құралына айналуы бүгінде сол мерейтойдың басты жетістігіне баланып отыр. Ел ішіндегі Абай тойын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бірлесіп жасаған «Абай-Аманат» онлайн концерт-спектаклі бастап берді. Республика көлемінде «Абай мұрасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Тәуелсіздік толғауы», «Елім менің»,» «Ұлы дала», «Мүшайра» республикалық конкурстары, «Абайдың мұрасы – адамзат қазынасы» атты әлеуметтік роликтер мен қысқаметражды фильмдер фестивалі сынды 500-ден астам іс-шара онлайн форматта өтті. Абайдың толық шығармалары әлемнің 10 тіліне, атап айтсақ, француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай, түрік, жапон, неміс, италия тілдеріне аударылып, басылды. Аударманың әрқайсысы 3 000 данадан кем болмауы ескерілді. 2020 жыл ТҮРКСОЙ шеңберінде «Абай жылы» деп бекітілді. Ұлттық Банк 2020 жылы «ABAI. 175 JYL» деген атпен коллекциялық монеталар шығарса, «Қазпошта» «Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл» деген тақырыппен пошта маркасын айналымға енгізді. Мерейтой аясында Елшіліктер жанынан Абай орталықтарын ашылып жатты. Қазақстан Республикасының Бельгия, Сингапур, Эфиопия, Болгария Елшіліктері мен Чехияның «Клементинум» Ұлттық кітапханасы жанынан «Абай» орталықтары, сондай-ақ ҚР Монғолиядағы Елшілігі жанынан Абай бұрышы ашылды. Ал Грузия астанасындағы көшелердің біріне Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің бастамасымен ақын құрметіне саябақ пен ескерткіш тақта орнатылды. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшіліктің қолдауымен Абу-Даби қаласында «Абай» мәдени-ақпараттық орталығы ашылды. Жалпы, 2020 жылы әлемнің 70-ке жуық елінде Абай тойына арналған 250-ден астам түрлі іс-шара ұйымдастырылды. АҚШ-та Дж.Вашингтон университетімен бірлескен «Абай виртуалды орталығы» (abaicenter.com) жұмысын бастады. Ақпараттық ресурста Абай шығармаларымен қатар, Қазақстанның тарихы, өнер, кино, музыка мен археологиясына қатысты америкалық сарапшылардың еңбектері мен мақалалары үнемі жарияланып тұрады. Жыл бойында Абайдың «Қара сөздері» мен өлеңдері грузин, иврит, қырғыз, малай, монғол, нидерланд, португал, украин, өзбек, хинди тілдеріне аударылып, 11 кітап болып басылып шықты. Қазақстан аумағында ғана Абайға арналған 50-ден аса монументті ескерткіш пен бюст орнатылған. Республика бойынша 31 елді мекен, яғни ауыл, ауылдық округтер, 1300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ұлы Абайдың есімін алған.


10 тамыз 2021 ж. 303 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930