Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер ковидтен кейінгі синдром қашан білінетінін айтты

Дәрігер ковидтен кейінгі синдром қашан білінетінін айтты

Дәрігердің айтуынша, ковидтен кейінгі синдромды дер кезінде анықтау үшін бірқатар тексеруден өту қажетКоронавируспен ауырғандарда ковидтен кейінгі синдром белгілері бірнеше айдан кейін де сезілуі мүмкін.

"Маусымда жарияланған жүйелік шолу мәліметіне сүйенсек, ковидтен кейінгі синдром ауырғаннан кейін немесе ауруханадан шыққан соң 3-24 апта аралағында дами бастайды. Ковидтен кейінгі синдромның белгілері көп жағдайда төрт аптадан кейін білінеді", - деді Роспотребнадзордың эпидемиология ғылыми-зерттеу институты федералды бюджеттік ғылыми мекемесінің клиникалық жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары Антонина Плоскирева РИА Новости-ге берген сұхбатында.
Плоскиреваның айтуынша, коронавируспен симптомсыз ауырғандарда ковидтен кейінгі синдром бір айдан соң білінуі мүмкін.

Бұған дейін кардиолог дәрігер Юлия Лоцманова ковидтен кейінгі синдромды дер кезінде анықтау үшін қан және несеп талдауын тапсыру қажет екенін айтқан болатын. Ковидтің ағзаға ұзақ әсері ұю, электролиттер мен тропин көрсеткіштерінің өзгеруі, қалқанша безіндегі өзгерістер мен D дәрумені мөлшерінің ауытқуы арқылы білінеді.

Ал вирусолог Евгений Тимаков коронавирустан кейін қан тамырлары тромбозының пайда болуы мүмкін екенін, сондықтан сауыққан адамдардың, соның ішінде жастардың да кардиолог пен невропатолог тексеруінен өтуі тиіс екенін айтты.
09 тамыз 2021 ж. 322 0

Сыр спортының серпіні

28 қараша 2024 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930