Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар үшін Кавасакиге ұқсас синдром қаншалықты қауіпті

Балалар үшін Кавасакиге ұқсас синдром қаншалықты қауіпті

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрайымы, медицина ғылымының докторы Риза Боранбаева балалар арасындағы Кавасаки тәрізді синдром туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2020 жылдың сәуір-мамырында COVID-19 індетіне шалдығу деңгейі жоғары болған елдерде балалар арасында коронавирус індетін еңсергеннен кейін педиатриялық мультижүйелік қабыну синдромы формасында жаңа ауру тіркеле басталды. Ол уақытша COVID-19 індетімен байланыстырылды. Осы патология постинфекциялық синдром болып саналады, COVID-19-ға шалдыққаннан кейін 3-5 аптадан соң байқалады. Бұған науқастардың қанындағы антиденелер дәлел болады. Оның басқаша атауы - Кавасаки тәрізді синдром. Өйткені, ол Кавасаки ауруымен клиникалық жағынан ұқсас, алайда тиісті айырмашылықтары бар. Олардың негізгісіне тоқталсақ, Кавасаки ауруы кішкентай балаларда байқалады, яғни көбіне екі жастағылар арасында», - деді дәрігер.
Оның айтуынша, мультижүйелік қабыну синдромын емдеудегі ең бастысы - ол ерте кезеңде диагностикадан өткізу.
Кавасаки тәрізді синдромның негізгі клиникалық симптомына тоқталсақ, 24 сағат ішінде дене қызуының жоғары болуы байқалады.
«Мультижүйелік қабыну синдромына күдік болса, баланы ауруханаға жатқызылуы керек», - деді Р. Боранбаева.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде елімізде балалар арасында Кавасаки тәрізді синдромға шалдығудың 16 оқиғасы тіркелді. Соның ішінде 8 бала емделіп шықты, ал қалғандары ауруханаларда ем қабылдауда.
24 тамыз 2020 ж. 915 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 211

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 145

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031