Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 10 тамызға дейін қай сала қызметкерлері вакцина алуға міндетті

10 тамызға дейін қай сала қызметкерлері вакцина алуға міндетті

Бірқатар сала қызметкерлері 10 тамызға дейін вакцинаның бірінші дозасын алуға міндетті. Сонымен қатар жұмыс беруші вакцина алмаған қызметкерді жұмысқа кіргізгені үшін жауапкершілікке тартылады
Бірқатар сала қызметекерлерінің міндетті вакцина алу мерзімінің аяқталуына үш күн қалды.
Жаңа талапқа сәйкес вакцинаның бірінші компоненті 10 тамыз, екінші компоненті 1 қыркүйекке дейін алынуға тиіс.
Осы науқаннан кейін вакцина алмаған қызметкерлерді анықтау шарасы жүргізіліп, оларға вакциналаусыз жұмыс істеуге рұқсат берген нысандарға айыппұл салына бастайды. 
Егер жұмыс беруші вакцина алмаған қызметкерге жұмыс істеуге рұқсат берсе, 14 мыңнан 1,4 миллион теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін. Сонымен қатар жаза ретінде кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтатылады.
Вакциналаудан тек медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтар босатылды. Сондай-ақ соңғы үш айда коронавируспен ауырғандар да осы тізімге кіреді.
Вакцина алудан босатылмаған азаматтар ПТР тестінің нәтижесімен де жұмыс орнына келе алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде кәмелетке толмаған балалар вакцина алуға міндеттелген жоқ.
Тізімге мынадай ұйымдар/нысандар кіреді:
  • халыққа қызмет көрсету нысандары (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері;
  • екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының нысандары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар;
  • сұлулық салондары, шаштараздар;
  • химиялық тазалау, кір жуу орындары;
  • фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, кеңсе техникасын жөндеу сервисі, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі нысандар, өзге де нысандар);
  • халық тұтынатын өнімдер мен тауарлардың көтерме және бөлшек сауда (сақтау) нысандары, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
  • мәдениет және демалыс нысандары (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
  • халық тұратын қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалары);
  • жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, көлік және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
  • білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
  • санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы нысандар (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
  • қоғамдық тамақтану нысандары, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын нысандар, стрит-фудтар;
  • барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік нысандар (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
  • денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;
  • дәріхана ұйымдары;
  • тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандары (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
  • экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
  • демалыс нысандарының, ойын-сауық ойын нысандары (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар);
  • байланыс және телекоммуникация нысандары.
Егер қызметкер вакцина алмаған болса, ол міндетті түрде ПТР-сынамасын 7 күнде бір рет тапсыруы керек.
07 тамыз 2021 ж. 699 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031