Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жануарларға қатыгездік танытуға байланысты қылмыстар саны 6%-ға өсті

Жануарларға қатыгездік танытуға байланысты қылмыстар саны 6%-ға өсті

Мұндай жағдайда 600 сағатқа немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу түрінде жаза қарастырылған. Жарты жылда республикада жануарларға қатыгездік бойынша 33 факті тіркелді, бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 6,5% -ға көп, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, заңсыз аң аулауға қатысты 48 факті, балық ресурстарын, басқа су жануарларын аулау мен өсімдіктерді заңсыз жұлу – 132 факті, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ заңмен тыйым салынған жануарларды заңсыз бағу боцынша 135 жағдай тіркелді. Бұған қоса қоршаған ортаны сақтау шаралары кезінде экологтар мен қоршаған ортаны қорғаушылар да зардап шекті. Мәселен, биыл жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына қатысты 3 зорлық -зомбылық фактісң тіркелді. Аймақтардың ішінде Алматы облысы, елорда және Шымкент тұрғындары жануарларға мейірімсіздеу келеді. Оған себеп жыл басынан бері осы өңірлердің әрқайсысында осындай 5 қылмыстық құқық бұзушылықтан тіркелген. Бұл рейтингтің төртінші және бесінші сатысында Алматы қаласы мен Қарағанды облысы тұр. Естеріңізге сала кетейік, елімізде аталған жағдайларға қатысты заң жобасы әзірленді, соған сәйкес жануарлар қатыгездік көрсеткендерге нақты жаза қарастырылған. Сонымен, бұзақылық ниет танытып өлімге немесе жарақатқа әкеп соқтыратын жағдайларда, жануарға қатыгез танытқандарға 2000 АЕК -ке дейінгі айыппұл мен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаз қолданылады. 600 сағатқа дейін немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағы бар.


06 тамыз 2021 ж. 828 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 247

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031