Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирустан 3,9 млн адам қайтыс болды

Коронавирустан 3,9 млн адам қайтыс болды

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаеваның мәлімдеуінше елімізде коронавирус жұқтыру мен вакцинациялау қарқыны қатар өсіп келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Бүгінгі таңда жер шарындағы пандемияның қоздырғыш вирусының әртүрлі нұсқаларының кең таралуына байланысты вакцинацияға деген сұраныс, талпыныс, вакцинамен қамтамасыз ету белсенділігі көптеген мемлекетте байқалуда. Жер шарында 182 млн-нан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Өкінішке қарай, 3,9 млн өлім тіркелді», – деді басқарма төрағасының орынбасары.

Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны жарты миллионға жақындап қалды. «Елімізде 423 137 коронавирус індеті анықталды. Оның ішінде соңғы тәулікте 2 016 жағдай тіркелді. Коронавирусқа ықтималдығы жоғары, пневмониямен қатар жүретін 57 025 жағдай, оның ішінде соңғы тәулікте 83 факті белгілі болды», – деді басқарма төрағасының орынбасары.
30 маусым 2021 ж. 291 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930