Елімізде кибершабуылдардың саны 20%-ға өсті

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға көп. Сонымен қатар бүкіл бақылау кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіш. Компьютерлік шабуылдардың жартысына жуығын ботнеттер құрайды және олардың үлесі жылдан жылға азайып келеді. Мәселен, өткен жылы 49,5%-дан 45,3% -ға дейін төмендеді, ал 2019 жылы 82,7% құрады. Қаңтар-маусымда ботнеттерге қатысты 6,3 мың оқиға тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% артық. Жалпы алғанда олардың саны үш жыл қатарынан азаюда. Ботнеттерден басқа, компьютерлік шабуылдардың едәуір бөлігі зиянды бағдарламалық жасақтамаларды анықтауға байланысты: бір жыл ішінде мұндай жағдайлардың саны 3,1 есеге өсті. Осыдан кейінгі орында интернет-ресурсқа қол жетімділіктің болмауы тұр: 1,2 мың жағдай, көрсеткіш 23,7% төмендеген.