Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саябаққа спорттық нысандар салыну қажет

Саябаққа спорттық нысандар салыну қажет

Аудан орталығындағы көрікті орындардың бірі – «Жеңіс» саябағы деп айтсақ қателеспейміз. Жайқалған жасыл желектің айналасында тұрғындар отбасымен бірге келіп, балаларымен бірге серуендейді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бірқатар сала басшыларымен бірге саябақты аралап көрді.
Саябақ қазіргі таңда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің теңгерімінде. Бұл туралы бөлім басшысы Болат Жолтаев айтып берді.
– 1985 жылы салынған саябақта жерлесіміз, жезтаңдай әнші, Халық Қаһарманы Роза Бағланова мен Кеңес Одағының батырлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Социалистік еңбек ерлерінің бюсттері орналасқан. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысқан қазалылықтардың есімі жазылған орын мен «Мәңгілік алау», теміржолшылар мен тәртіп сақшыларына арналған арнайы алаң, балалар доп тебетін жасанды төсеніш те бар, – деді бөлім басшысы.
Саябақ ішіне теміржолшылардың қолдауымен шырша ағаштары да жайқалып өсіп тұр. Бұл талдарға жаңбырлатып суару арқылы су беріледі.
Аудан басшысы саябақта жайқалып өскен ағаштардың қураған бұтақтарын кесіп, балақтау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бос жатқан жерге халыққа қажетті нысан, балалардың бос уақытын өткізетін спорттық алаң салу қажеттігін айтты.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еділғали Әлішев саябақ ішіндегі бос жерге спорт кешені мен теннис кортын салу үшін жоба дайындауға қаражат сұралып жатқанын жеткізді. Бюджеттен қаржы бөлінсе, қос нысанның жоба-сметалық құжаттары дайындалады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бұл жерге одан бөлек, бассейн, хоккей алаңы, коньки тебетін орындар да дайындалу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, саябақтың ішіндегі бұрыннан бар жүгіру жолын дұрыстауға тапсырма берді.
Айта кетейік, «Жеңіс» саябағы аудан тұрғындары бос уақытында демалатын, серуендеп бой жазатын, Отан үшін от кешіп, жанын пида еткен бабалардың ерлігін мәңгі есте қалдыру мақсатында салынған.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
03 тамыз 2021 ж. 425 0

Аңдушыны алушы жеңе ме?

21 қыркүйек 2024 ж. 37

Төрештің ұлы топ жарып жүр

20 қыркүйек 2024 ж. 54

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30